«Мектепке жол» / «Дорога в школу» 28.09.2020 Екібастұз МАЭС-2 стансасы жыл сайын дәстүрге айналған қайырымдылық акциясы аясында балаларды мектепке дайындауға көмектеседі. 1 қыркүйек күні мектеп оқушылары үшін білім күні мен оқу жылының басталуына арналған онлайн-жиындар өтті. Коронавирустық инфекцияның пандемиясына байланысты ел оқушылары қашықтықтан білім алуда. Көптеген отбасылар карантиннің салдарынан жұмыссыз қалғандықтан, балаларын мектепке жинау қиындық тудырды. Сондықтан олар үшін энергетиктердің көмегі ерекше мәнге ие. Балалардың бірінші тоқсанды қашықтықтан оқитынына қарамастан, кейінірек олар мектепке барады және оларға мектеп жарақтары қажет болады. Биылғы жылы Солнечный кентінің мектептерінің 18 оқушысына көмек көрсетілді. Цехтар мен бөлімдердің қызметкерлері балалар мен олардың қамқоршыларының пікірлерін ескере отырып, киім-кешек, аяқ киім, мектеп керек-жарақтарын сатып алды, кейбіреулерге ақшалай көмек көрсетілді.
Экибастузская ГРЭС-2 ежегодно помогает собрать детей в школу в рамках благотворительной акции, которая стала уже традиционной. 1 сентября для учеников школ прошли онлайн-линейки, посвященные Дню знаний и началу учебного года. Из-за пандемии коронавирусной инфекции школьники страны обучаются дистанционно. Многие семьи оказались без работы из за карантина, а потому собрать детей в школу сейчас им очень сложно. Поэтому для них помощь энергетиков имеет особое значение. Ведь, несмотря на то, что первую четверть дети будут учиться дистанционно, позже они всё же пойдут в школу и им понадобятся школьные принадлежности. В этом году была оказана помощь 18 ученикам школ п.Солнечный. Работники цехов и отделов приобрели одежду и обувь, школьные принадлежности, некоторым была оказана денежная помощь, учитывая при этом мнение самих детей и их опекунов.
вернуться назад на новости?
|